{metadescription}
Еліміздің Сыртқы істер министрлігі «Ирма» дауылы аймағында қалған қазақстандықтарға шұғыл желі ашты
Еліміздің Сыртқы істер министрлігі «Ирма» дауылы аймағында қалған қазақстандықтарға шұғыл желі ашты

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі «Ирма» дауылы аймағында қалған қазақстандықтарға шұғыл желі ашты

Дүлей дауыл жайпап жатқан Кариб бассейнінде қанша отандасымыздың бары қазір анықталып жатыр.

Министрліктің мәліметінше, бүгінге дейін елдің төрт азаматы Доминикан республикасындағы Қазақстан консулдығына хабарласқан. Төтенше жағдайда дүрлікпеуге шақырып, оларға нұсқаулық берілген. АҚШ, Куба, Доминикандағы консулдықтар да шұғыл желіні іске қосыпты. Сыртқы істер министрлігі дауыл өтінде қалып қойған отандастарымызға көрсетілген нөмірлерге хабарласуларын сұрайды. Доминикан Республикасы Ұлттық туризм ұйымының мәліметінше, жеті мыңнан астам турист қазір қауіпсіз жерге көшірілген. Ал ұйытқыған күшті жел сағатына 250 шақырым жылдамдықпен жолындағының бәрін жайпап келеді. Дауылдың беті қайтпаса, Кариб бассейні елдері орасан шығынға тап болатын түрі бар.

 

+ 1 809 729 79 87 (Доминикан республикасындағы консулдық)

+1 202 600 56 05 (Вашингтондағы  консулдық)

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.