{metadescription}
Петропавлда Ұлттық гвардия курсанты өз курстасын пышақтап өлтірді
Петропавлда Ұлттық гвардия курсанты өз курстасын пышақтап өлтірді

Петропавлда Ұлттық гвардия курсанты өз курстасын пышақтап өлтірді

Өзара сөзге келіп қалған ұландықтар мәселенің басын ашып алу үшін дәретханаға барып төбелескен.        

Алайда, текетірестің соңы Ғалымжан Тұрсынның өлімімен аяқталған. Ал пышақтаған өзімен үш жыл бірге оқыған курстасы. Еліміздің Ұлттық гвардиясына офицерлерді дайындайтын жалғыз әскери оқу орны әзірге пышақ ала жүгірген курсанттың аты-жөнін айтпай отыр. Оқиға даладағы дәретхананың жанында болған. Сол себепті де камераға түспепті. Күдікті әскери пышақты көкбауырдың тұсынан сұққан. Қазір 19 жастағы сарбазға қатысты «кісі өлтіру» бабы бойынша іс қозғалып, изоляторға жабылды. Қайтыс болған курсант Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы, жасы да 19-да екен. Кісі өлімімен аяқталған төбелес үшін енді басшылар да жауапқа тартылуы мүмкін.  

Серікхан Әбселемов, ҚР Ұлттық Ұлан әскери институтының бастығы:

-Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Айыпталушы оқшауланды. Экспертиза жүргізілуде. Іс толық аяқталғаннан кейін нәтижесі белгілі болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде