{metadescription}
Жоқ іздегендер: СҚО-да жұмбақ жағдайда малы жоғалғандар үлкен шу шығарды
Жоқ іздегендер: СҚО-да жұмбақ жағдайда малы жоғалғандар үлкен шу шығарды

Жоқ іздегендер: СҚО-да жұмбақ жағдайда малы жоғалғандар үлкен шу шығарды

Солтүстік Қазақстанда жұрт тағы сабылып жоқ іздеп жүр. Осы жолы Ақжар ауданында 250 бас жылқы ізім қайым жоғалған. Мал жоғалғалы, жылқышы да қашып жүрген көрінеді. 3 жыл бұрын 600 бас үйірді алдына салып берген тұрғындар жылқышы Мұрат Исаковқа ай сайын бір басқа бір жарым мың теңгеден ақысын төлеп келген. Алайда, ол малдың тең жартысы жоғалғанын жасырған. Бұл жағдайды 4 ай бұрын білген жұрт шулап аудан әкіміне де, полицияға да барыпты. Бірақ, арыз-шағымымыз әлі күнге дейін қарастырылмады дейді наразы тұрғындар. 

Талшық ауылында мал дауы ушығып тұр. 250 бас жылқы жоқ. Оның үстіне жылқышы Мұрат Исақов 3 жыл бойы малды далада ұстап, бір-бірімен шатастырып жіберген. Жоғын жасырып, сұрағандарға біреулердікін әкеп беріп отырыпты. Қалған малды көрген иелерінің арасында-қызыл талас туған. Мал менікі дегенді дәлелдеу үшін тіпті медициналық ДНК сараптамасын жасауға әзір.

-Тұрғындар арасында 40-50 бас жылқысынан айрылып жүген ұстап қалғандар да бар. Ал үйірде малы қалғандар қайсысына таңба саларын өздері де білмейді. Өйткені, 1 малдың бірнеше иесі шыққан. Қазірдің өзінде талшықтықтар жылқыға таласып бір-бірімен соттасып жүр.

Ал, жоқ іздеуде дәрменсіздік танытып отырған полицияға тұрғындардың өкпелері қара қазандай. Өйткені, жылқышының өзін таба алмай қалған жұрт оны құзырлы органдар әдейі жасырып отыр деп санайды.

Құмар Бекболатов,Талшық ауылының тұрғыны:

-Аудан әкіміне 3 рет барып кездестік.Ол кісі шешім әлі шығарған жоқ. 22 кісі болып арызымызды полицияға жаздық. Жауап берген жоқ.

Полиция мәліметінше, қазір тергеу жүріп жатыр. Малдың қайда кеткенін білуі мүмкін деген жылқышыға іздеу жарияланыпты.

Динара Сағындықова, СҚО ІІД баспасөз қызметінің маманы:

-Тамыз айында Ақжар аудандық Ішкі істер басқармасына 5 адамнан жылқымыз жоғалды деген шағым түсті. Қазір бұл шағымдар бойынша сот алды тергеу амалдары жүріп жатыр.

Осы жазда дәл осындай жағдай көрші Уәлиханов ауданында да орын алғанын айтқан болатынбыз. Бірақ, 300 бас жылқы күні бүгінге дейін табылған жоқ. Осыны білетін Талшық тұрғындары су аяғы құрдымға сіңе ме деп қорқады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде