«Ирма»: Дүлей дауыл жолындағының бәрін жайпап жатыр
«Ирма» АҚШ-тың Флорида штатына жетті. Қираған үй мен құлаған талдан көз сүрінеді. Алты жарым миллионнан астам адам алапаттан аман қалу үшін қауіпсіз жерге көшірілген.
Автор: Асқарбек Қазанғап
11.09.2017
Флорида штатының шығыс жағалауындағы қалалар құдды «Венецияға» айналғандай. Көшелерді белуардан келетін су басқан. Көпшілік көліктерін тастап қайыққа отырған. Осы аумақта үш күн бойына үйірілген «Ирмадан» келген шығында есеп жоқ. Сағатына 210 шақырым жылдамдықпен ұйытқыған желдің жылдамдығы 175-ке дейін түскенмен, синоптиктер қауіп әлі сейілмегенін айтады. Штатты шайқаған дауылдың бесінші деңгейлі қатты соққысы мұнда алғаш рет тіркеліп отыр. Осыдан екі апта бұрын Американың Техас штаты да Харви дауылының астында қалған. Дауылдың бағыты енді Флорида штатының батыс жағалауына ауысыпты. Айта кетейік, мамандар «Ирманың» ізінше «Хосе» дауылы да келе жатыр деп дабыл қағуда
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!