{metadescription}
Ақмола облысында жол апаты 18 адамның өмірін жалмай жаздады
Ақмола облысында жол апаты 18 адамның өмірін жалмай жаздады

Ақмола облысында жол апаты 18 адамның өмірін жалмай жаздады

Жолаушыға лық толы шағын автобус Астана-Петропавл тас жолында Камазбен соқтығысқан.

Жүк артқан тіркемесі бар шағын автобус Түмен облысынан келе жатқан екен. Жолда бұрылыстан атып шыққан Камазды айналып өтпек болғанда, соқтығысып қалыпты. Соққының қатты болғаны сонша, Мерседес Спринтер жолдан 10-15 метрге дейін шығып кеткен. Облыстық ауруханаға жеткізілген 18 адамның алтауы хал үстінде жатыр. Араларында бес жасар бала да бар. Қалған 12-сі түрлі дене жарақатын алған.

Феруза Абдрахимова, жолаушы:

-Жүргізушінің жанында отырғам, Камаз бүйірден шыға келді. Жүргізуші айналып өтем деп соғылды. Өліп қала жаздадық, құдай сақтады. Жолда өтіп бара жатқан адамдар бірден көмекке келді. 3 бірдей жедел жәрдем де жетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде