Алматыда қоғамдық қабылдау орталығы ашылды
Яғни, енді күнделікті өмірде кездесетін түйткілді сауалдардың жауабын бір жерден алуға болады. Бұнымен қоса қала басқармасына, прокуратураға, мемлекеттік кіріс департаментіне жолдаған өтініштерін осы жерде қалдыра алады.
Автор: Аида Мағыпар
12.09.2017
Бұл орталық қаладағы түйткілді мәселелерді оңай шешуге септігін тигізбек. Қазір мұнда қалалық бес басқарма, сегіз аудандық әкімшілік, прокуратура мен ішкі істер департаменті, мемлекеттік кірістер департаменті жұмыс істеуде. Осылайша бір шаңырақ астына қылмыстық істер мен сот істерінен басқа барлық қызметтерді біріктіріп отыр. Әзірге жоба пилоттық негізде жұмыс істеуде. Ұйымдастырушылардың айтуынша орталық көптеген мәселелердің алдын алуға септігін тигізуде.
Нұрлан Жайлаубай, «Open Almaty» қызмет көрсету орталығының басшысы:
-Бұдан бұрын қалай болған еді әкімдіктін басқармалары әр жерде ,әр шағымға бару үшін қаланың бір түпкірінен ,екінші түпкіріне бару керек болатын. Қазіргі танда 24:35 бізге келеді де, 15 минут ішінде ақпарат аңықтама алып кетеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!