{metadescription}
Ақтөбе облысында жұмысшылар тегіс жолды қайта қырып жатыр
Ақтөбе облысында жұмысшылар тегіс жолды қайта қырып жатыр

Ақтөбе облысында жұмысшылар тегіс жолды қайта қырып жатыр

Бір де бір шұңқыры жоқ асфальтты бүлдірген олардың әрекетін көлік жүргізушілерінің бірі таспаға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады.

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің Ақтөбе облысына қарасты қырық шақырымындағы асфальтты қопарып тастапты. Жұрт ойығы жоқ жаңа жолдың кімге кедергі келтіргеніне түсінбей отыр. Әлеуметтік желіге мына бейнероликті жариялаған азамат та бұл жөндеу жұмысын шенеуніктердің ақша жымқыру әрекетіне балайды. Ал, қырып тасталған жолды қайта жамауға республикалық қазынадан бақандай жеті жүз миллион теңге бөлінген. «Қазавтожол» компаниясындағылар әдеттегідей ақталды. Айтуларынша, алты жыл бұрын төселген асфальттың кем-кетігін кез-келген адам көре бермейді екен. 

Руслан Тәжманов, «Қазавтожол ҰК» АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалының бөлім басшысы:

-Жолдағы ақаулар көзге көрінбейді. Оны біз зертханалық тексеру нәтижесінде анықтадық. Ойықтар пайда болған. Сондықтан жолды дер кезінде жөндемесек, ертең шұрық тесік болады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде