Алматыда жоғалған бүлдіршіннің анасы іздестірілуде
Жасы шамамен 3-тегі балақайды көшеде қарны ашып, жылап жүрген жерінен адамдар тауып алған.
Автор: Аруна Ортай
12.09.2017
Сөйтіп, кішкентай баланы полицияға тапсырған. Ал олар өз кезегінде әне-міне жақындары табылып қалар деген үмітпен уақытша балалар ауруханасына орналастырыпты. Бірақ үш күннен бері бала іздеген адам жоқ. Есесіне бүлдіршін шырылдап анасын іздеп жүр. Тек бүгін ғана ойыншықтарға алданып, жылауын қойыпты. Бала бөтендерден үркіп сөйлемейді. Десе де, медбикелер тамағын беріп, жуындырып анасын тосып отыр.
Маржан Мамаева, №2 қалалық клиникалық балалар ауруханасының аға медбикесі:
-Екі апта, бір айға дейін созылады. Егер ешкім іздеп келмесе, ешкім хабарласпаса, біз құжаттарын рәсімдеп, балалар үйіне жібереміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!