{metadescription}
 ЭСКПО-ны қорғауға келген құтқарушылар қайта бастады
 ЭСКПО-ны қорғауға келген құтқарушылар қайта бастады

ЭСКПО-ны қорғауға келген құтқарушылар қайта бастады

ЭКСПОҒА төрткүл дүниеден төрт миллион адам келген! Бүгін ұйымдастырушылар көрмеге нақты қанша билет сатылғанын айтты. Оның саны алғашқыда жоспарланғаннан екі есеге артық болып шыққан.

Ал, қазір «Экспо» қалашығы жабылып, онда нағыз қарбалас басталды. Шетелдік павильондар экспонаттарын, техникасы мен әкелген өзге мүліктерін жинап жатыр. Оларға павильондарды босату үшін 15-ші желтоқсанға дейін уақыт берілген. Бір айта кетерлігі «Экспоның» басты ғимараты саналатын шар іспетті «Нұр әлем» енді музей болып қалады. Ал көрме кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аймақтардан көмекке тартылған полицейлер, әскерилер мен өрт сөндірушілер де үйлеріне қайтып жатыр. Бүгін алғашқылардың бірі болып қарағандылық құтқарушылар өздерінің бөлімдеріне қарай жолға шығып кетті. Бірақ, алдымен барлығына үш ай бойы атқарған қызметі үшін мақтау қағаз бен төс белгі берілді.

Юрий Ильин, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

-Көрме кезінде айтарлықтай төтенше оқиғалар болған жоқ. Тек бірнеше рет «Экспо» қалашығында өрт шыға жаздады. Бірақ, дереу оның алдын алдық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде