{metadescription}
Астанада Сирияға қатысты келіссөздер қайта жалғаспақ
Астанада Сирияға қатысты келіссөздер қайта жалғаспақ

Астанада Сирияға қатысты келіссөздер қайта жалғаспақ

Сирия дағдарысы бойынша келіссөздердің алтыншы раунды Астанада, 14-15-ші қыркүйек күндері өтетін болды. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Кезекті келіссөздерге кепіл үш мемлекетпен қатар, Сирияның қарулы оппозициясы да қатысатыны белгілі болды. Тараптар басқосу кезінде төрт аймақ - Идлиб, Хомс, Шығыс Гуте және Сирияның оңтүстігінде орнаған тыныштықты нығайту бойынша жұмыс жүргізбек. Аталған өңірлерде уақытша бейбітшілік орнату туралы келісім жасалғанмен, әлі күнге шарт бұзылып, оқ ату тоқтамай тұр. Сириядағы азаматтық соғысты тоқтатуға көзделген диалог осымен Женевада алты рет, Астанада да алтыншы мәрте өткелі отыр. Бұған дейін Сирияның ұлттық бітімге келуіне жауапты министрі Әли Хайдар астаналық алаңның әлдеқайда нәтижелі екенін айтқан-ды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде