Алматыда генерал Әмірхан Аманбаевтың ісіне қатысты дау қайта өршіді
Алматының Қаржы полициясын басқарған Әмірхан Аманбаев ісіне қатысты шу тағы жалғасын тапты. Бұл жолы генералдың сыбайласы ретінде сотталғандардың жақындары олардың кінәсіз, керісінше жәбірленуші екенін мәлімдеп отыр. Осыған дейін құзырлы орындарға уәждерін жеткізе алмаған ағайын-туыс Бас прокуратура қызметкері Құралбек Рахметовтің қамауға алынуы мәселені өзгертер деген үмітте. Яғни, қызметін теріс пайдаланғаны үшін ұсталған Рахметовтің былықтары әшкереленсе, Аманбаев ісіндегі біраз жанның жазықсыз болып шығуы мүмкін екен. Айта кетсек, осы Құралбек Рахметов кезінде генарал мен...
Автор: Асқарбек Қазанғап
12.09.2017
байластарын тергеген топтың жетекшісі болған.
Атышулы Әмірхан Аманбаевтың ісімен айналысқан прокуротура қызметкерінің ұсталуы отқа майды қайта құйғандай. Яғни, кезінде экс-генералдың құрған топтың мүшесі деп сотталғандардың туыстары істің қайта қаралуын талап етуде. Айтуларынша, тергеуді жүргізген Құралбек Рахметов қысым жасап, жазықсызды айыпты еткен. Алайда осы кезге дейін тыңдар құлақ болмады деп отыр.
Елена Баудинова, жазасын өтеуші Б.Баудиновтың жары:
-Жоғары сотқа дейін хат жаздық. Ешқандай жауап болмады. Ал, Аманбаев ісі бойынша тергеуге алынған басқа қаржы полицейлері өздеріне қысым көрсеткендерін айтып, шағымданғанда, бірден іс қозғалып, Рахметовты ұстады. Сонда осыған дейін қарапайым адамдарға қысым жасалды дегенге құлақ түрмегені қалай?
Гүлмира Мұрәлиева да Аманбаев ісінде жалған кәсіпкерлікпен айналысты деп сотталған қызының мұңын шағып отыр.
Гүлмира Мұрәлиева, жазасын өтеуші Ә.Мұрәлиеваның анасы:
-Тергеушілер тарапынан болған қинауға көнбегендіктен жас қыз айтқандарының бәріне келісіп, қол қойған. Ал, бұл істі Рахметовтің өзі қадағалап, тергеуді жүргізген. Бұл туралы біз қаншама шағым хат жаздық. Бірақ, бірде біреуіне жауап болмады.
Рүстем Тулағанов, адвокат:
-Жәбірленушілер көп. Егер де қазір тергеу амалдарын жасап, барлығынан жауап алатын болса барлығы да қалай жауап алынғанын, тергеу амалдары қалай жүргізілгенін айтып береді.
Алматы қалалық қаржы полициясының бұрынғы бастығы генерал Әмірхан Аманбаевпен бірге 35 адам бас бостандығынан айырылған еді. Сотта қылмыстық топтың 19 млрд теңге табыс тапқаны дәлелденген. Қыруар қаржының бір бөлігі жалған фирмалардың есеп шотынан табылған болатын.
Бас прокуратура Рахметовпен бірге Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің тергеушісі Решетовтің де қамауға алынғанын хабарлады. Қазір олар қылмыстық кодекстің 412 бабы «кінәсіз адамды қылмыстық жауапқа тарту» және қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланды деген айыппен тергеліп жатыр. Дәл осы нәрсені тергеу кезінен бері айтумен болған сотталушылардың туысқандары, қысым көрсеткендердің шағымдарын құзырлы органдар қарамаса, базыналарын президентке дейін жеткіземіз деп бекініп отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!