Елімізде латын әліпбиінің нұсқасына қатысты пікірталастар қыза түсті
Бірі 25 белгіден тұратын жаңа графикада әріптердің азайып қалғанын айтса, енді бірі кейбір дыбыстардың дұрыс таңбаланбауына көңілі толар емес.
Автор: Досжан Маратұлы
12.09.2017
Бірақ, әліпбиді құрастырған ғалымдар кирилицада 42 әріп болғанымен қазақ тілінде небары 28 дыбыс бар дейді. Сондықтан таңбаны емес, дыбысты санау қажет деп отыр. Яғни, латынның 25 әрпімен қазақтың барлық дыбысын беруге болады. Сондай-ақ, латын әліпбиіндегі «w» белгісі де көптің көңілінен шықпай қалған секілді. Жаңа нұсқада бұл «у» дыбысын береді. Бірақ, мұнымен келіспей жатқандар бар. Десе де, бұл әліпбидің соңғы нұсқасы емес. Оны қоғам болып талқылау жыл соңына дейін жалғасады. Ал, латын әліпбиінің қазақша нұсқасы Білім министріне қатты ұнап отыр.
Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:
-Маған 25 әріп болғаны ұнайды. Енді әрі қарай азаматтар ұсыныстарын айтсын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!