{metadescription}
ЭКСПО-дан соң азық-түлік құны қымбаттауы мүмкін бе?
ЭКСПО-дан соң азық-түлік құны қымбаттауы мүмкін бе?

ЭКСПО-дан соң азық-түлік құны қымбаттауы мүмкін бе?

Ұлттық экономика министрі ЭКСПО көрмесінен кейін барлығы қымбаттайды деген халық уайымына қатысты пікір білдірді. Тимур Сүлейменовтің сөзінше, алдағы айда азық-түлік керісінше арзандауы тиіс.

Ал ел арасындағы әңгіме, жекелеген экономистердің негізсіз болжамы көрінеді. Олар көрме алдында да қонақтар келгенде барлығы қымбаттайды деп қара аспанды төндірген дейді Сүлейменов. Министр, ешбір мемлекеттік мекеме дүкендегі бағаларды ұстап тұрумен айналыспайтынын алға тартып, алып-қашпа әңгімеге сенбеуге шақырды. 8 айдың қортындысы бойынша инфляция деңгейі 7 пайызды құраса, азық-түлік бағасы бойынша дефляция яғни керісінше 0,9 пайызға төмендеу байқалыпты. Және ішіп-жемнің арзандауы алдағы айда да жалғасады деп сендірді шенеунік.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

- Азық-түлік себетін алсақ, керісінше бағаның төмендегенін байқаймыз. Арзандау әлі бір ай жалғасады. Біздің болжам бойынша дифляция қыркүйекте де жүреді. Сондықтан алаңдауға негіз жоқ. Ауыл шаруашылығы министрлігі, әкімдіктердің баяндамаларынан 19 млн тонна астық барын естідік. Нан бағасы үшін алаңдамасаңыздар болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде