{metadescription}
 Энергетика министрлігі бензиннің қымбаттауына байланысты түсініктеме берді
 Энергетика министрлігі бензиннің қымбаттауына байланысты түсініктеме берді

Энергетика министрлігі бензиннің қымбаттауына байланысты түсініктеме берді

Шарықтаған жанармай бағасы енді арзандамайды. Бүгін бензиннің қымбаттауына қатысты мәлімдеме жасаған Энергетика министрлігі баға тек қараша айында төмендеуі мүмкін деп отыр. Онда да болжам ғана.

Қазір жұрт көп тұтынатын АИ-92, 4 теңгеге қымбаттап, 144 -145 теңгеден сатылып жатыр. Шенеуніктердің айтуынша, жанармай құны Атыраудағы мұнай өңдеу зауыты жөндеуге жабылған соң қымбаттаған. Ондағы жұмыстар тек қыркүйек айының аяғында бітеді екен. Бірақ, кейін іле-шала  Павлодардағы зауыт та жаңғырту жұмыстарына байланысты уақытша жұмысын тоқтатпақ. Сондықтан ішкі нарықта қазақстандық бензиннің үлесі азайғандықтан Ресейден сатып алуға тура келеді. Ал, ондағы баға қазір шарықтап тұр.

Қуаныш Құдайбергенов, ҚР Энергетика министрлігінің департамент директоры:

-Қазір Ресейдің бензинін көптеп әкеліп жатырмыз. Сондықтан кәсіпкерлердің шығыны артқан соң баға өсіп отыр. Бірақ, бұл уақытша жағдай. Өйткені, осы кезде жанармайға сұраныс көп. Кейін баға біртіндеп тұрақталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде