Алматыда жалдамалы пәтерден балалардың өлі денесі табылды
Өгей балаларын өз шешесімен сыбайласып өлтірген! Алматыда жалдамалы пәтерлердің бірінен екі кішкентай баланың денесі табылды. Сөмкеге салып, тоңазытқышқа тығылған сәбилердің мүрдесін бірінші болып көршілері анықтаған. Тұрғындардың күдігін қолқаны қабатын иіс туғызыпты.
Автор: Асыл Әділханұлы
12.09.2017
Советбек Слямбаев, Алматы қаласының тұрғыны:
-Қатты үйдің арғы жағынан иіс келді. Өліп қалған мысықтар сияқты. Тоңазытқышпен теріс тұр екен. Ашып едік сөмке құлады. Оның ішінде өлі балалар бар екен.
Сөйтіп, бірнеше күн маза бермеген соң олар пәтер иесіне хабарласады. Ал, үйдің ішіне кіргенде тоқтан ажыраған тоңазытқыштың теріс қарап тұрғанын байқаған. Қанға бөккен сөмке сол жерден табылды. Жалға берілетін бұл пәтерде соңғы кезде 3 баласымен бір келіншектің келіп жүрген дейді көршілері. Балалардың үлкені 4 жаста, ортаншысы 2-де болса, кенжесі бірге де толмаған. Тоңазытқыштан табылған соңғы екеуінің мүрдесі.Полицейлер бірден келіншекке іздеу жариялап, іле-шала күдікті де, сол әйелдің өзі де ұсталды. 29 жастағы Өзбекстан азаматы үш баланың анасымен соңғы кезде бірге тұрған екен. Кінәсін де, бірден мойындапты. Қанды қылмысқа оларды не итермелегенін полиция әзірге айтпай отыр. Ал 4 жасар үлкен баласы ауруханаға жеткізілген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!