{metadescription}
Алматының қаңғыбастары бейімдеу орталығына сыймай, соттың табалдырығын тоздырып жүр
Алматының қаңғыбастары бейімдеу орталығына сыймай, соттың табалдырығын тоздырып жүр

Алматының қаңғыбастары бейімдеу орталығына сыймай, соттың табалдырығын тоздырып жүр

Өйткені, қаладағы әлеуметтік бейімдеу орталығының бұрынғы тұрғыны мекеме өкілдерінің үстінен сотқа шағымданған. Егде жастағы әйел оларды ұрып-соқты, айғайлап басынды, тамақ бермеді деп айыптап отыр. Мемлекеттік мекеме тарапы да құр отырмай, ұжым болып қаңғыбас әйелге қарсы арыз жазды.

Сот залынан шығып келе жатқан Клара Төлеубаеваның қарқыны қатты. Үйсіз-күйсіз көше кезіп жүрсе де бейімдеу орталығының басшыларымен шындап текетіреске түскен. Бірер ай бұрын өзін шығарып жіберген мекеменің өкілдеріне қарсы енді заң арқылы күресіп жүр.

Клара Төлеубаева Алматы қалалық әлеуметтік бейімдеу орталығының бұрынғы тұрғыны:

- Біріншіге горох сорпасын береді. Оның үшінен 3 түйір горох таппайсың. Екінші астың жартысын салады, жартысын салмайды. Сондықтан  тоя тамақ ішпегендіктен қу сүйек пен теріміз қалды.

Айтуынша, бұл сондағы олқылықтардың тек бір шеті ғана. Тағдыр тәлкегімен орталыққа түскен жандардың бәрін ондағылар адам құрлы көрмей басынып, қол жұмсайды дейді. Дау көтергендері болса, өзі құсатып шығарып жіберетін көрінеді. Бірақ, бұл жақтағылардың сөзі басқа.

Людмила Шевченко, Алматы қалалық әлеуметтік бейімдеу орталығының тұрғыны:

-Ол менің үстімнен шағымданып жатыр. Мен осында ең ерте келген адам ретінде барлығына бас-көз болам. Оның айтуынша, мен осындағы төсек тартып жатқан әйелдерді ұрып, бәріне қорлық көрсетеді екем. Бізде ондай мүлдем жоқ.

Орталық басшылары да Төлеубаеваның құйтұрқылығын әбден меңгеріп алған көрінеді. Өйткені, үстерінен арыз жазып отырғаны бірінші рет емес екен. Айрандай ұйып отырған жердің ойран-топанын шығарды дейді олар.

Ләззат Зәкірбаева, Алматы қалалық әлеуметтік бейімдеу орталығы директорының орынбасары:

 ізде стандарт бойынша бір шифонер екі адамға беріледі. Ал бұл кісі екі шифонерді алып алып, біріне азық-түлігін толтырып тастайды. 

Төлеубаеваның сол жинаған азық қорын әлі күнге қоқысқа тастамай, сақтап отыр. Мұнысы, егер заң орындарына мүлкімді тартып алды деп шағымданса, көрсете қоямыз дегені. Қазіргі уақытта 180 орындық бейімдеу орталығында 123 адам тұрып жатыр. Барлығы да не құжаты, не барар жер баспанасы болмай, жан-жақтан жиналғандар.

Қаңғыбастар орталығы мен тұрғындарының арасындағы соттың әзірге бірінші отырысы өтіп, онда тараптардың дәйектері тыңдалды. Бұдан бөлек, Клара Төлеубаева тағы бірнеше құзырлы орындарға мекемедегі олқылықтарды тізіп, арыз жазып жіберіпті. Сондықтан, орталық өкілдері үшін көшеде түнеп жүрген әйелдің алдында әлі талай ақталуға тура келеді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.