Павлодарлық полицейлер Ертістің бойынан табылған әйел денесінің кімге тиесілі екенін білмей отыр
Еріктілер болса, мүрде былтыр күзде ұшты-күйлі жоғалған Дарья Николаева болуы мүмкін деген болжам жасады.
Автор: Әйгерім Шакаманова
13.09.2017
Әлеуметтік желілерде тараған мәліметтерге қарағанда, Железинка ауданында табылған дененің қол-аяғы байланып, басына қап кигізілген. Естеріңізге сала кетсек, 28 жастағы Дарья Николаева былтыр қазанда бұрынғы күйеуімен кездесуге кетіп, сол күйі оралмаған еді. Келіншекті полиция мен еріктілер талай іздегенімен, еш жерден таппады. Бастапқыда адам ұрлау бабы бойынша іс қозғаған тәртіп сақшылары кейін оны адам өліміне қайта өзгертіп, тергеуді бастаған. Жоғалған әйелдің артында 3 және 4 жастағы екі ұлының қалғанын айта кетейік. Ал табылған денені көруге барған Дарья Николаеваның туыстары суда жатып әбден шіріген мүрдені тани алмай қайтыпты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!