Нұрсұлтан Назарбаев жарнамасы жер жарған мемлекеттік бағдарламаның шикі тұстарын атады
«Цифрлі Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мерзімі кейінге шегерілді. Мемлекет басшысы үкіметтің бұл мақсатқа сұрап отырған миллиардтарының қайтатынына күдікпен қарайды. Тіпті оның талан-таражға түсу қаупі көп дейді Назарбаев. Бүгінге дейін құзырлы министр де, экономиканы цифрландыруға көмекке алдыртқан қаптаған шетелдік мамандар да президентке қисынды есеп-қисап ұсынбапты. Цифрлі Қазақстанның азаматтары қандай болуы керек?
Автор: Азамат Алдоңғаров
13.09.2017
Қаланы қарауылмен емес, камерамен бағып, қоғам қауіпсіздігін кибер қорғанысқа қоя салатын технологиялар Қазақстанға да жеткендей. Туристің табанын тоздыртпай, көзілдірік кигізіп-ақ қыдыртатын да – жаһандық цифрлау технологияларының жемісі. Көрмені тез шолып өтпек болған мемлекет басшысы бүгін бұл ғажайыптардың қызығына батты. Протокол бойынша жарты сағат деген танысу, ұзаққа созылып, Қазақстанды цифрлауға арналған жиынға жиналған мәртебелі қонақтарға сабырлық танытып, президентті күтуге тура келді. Кешігудің себебін мемлекет басшысы былай түсіндірді.
Көрме көңілден шыққанымен, Үкіметтің сол технологияларды қолдануы ақсап тұр. Президент бүгін «Цифрлі Қазақстан» бағдарламасына сұратып отырған миллиардтарды беруге асықпауға шақырды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:
-Сколько собираются выручить наши разработчики программы? Мы ничего не услышали здесь. Потратить собираемся к 2021 году 251 миллиард тенге. Я читал большой проект, который вы мне дали. А какая отдача от этой программы? Цифры нет. Если так будем работать, то на ветер деньги или для воровства.
Қазақстанды цифрлау, яғни автоматтандыру бағдарламасы Елбасы жолдауынан кейін жыл басында басталған-ды. Оған Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жауапты. Жұмысқа шетелден кеңесшілер алдыртып, 251 миллиардттың алғашқы 16 миллиардын ортаға тастап, жұмсай да бастаған. Алайда бүгінгі жиында президент алдымен мақсатты айқындап алайық деп, мал шашпақты тоқтатты.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:
-Мы сейчас говорим о высоких моментах, говорим Uber, о другом. А вот все население? Я далеко не буду ходить, например в России, в Казахстане, знают об этом? Нет. Даже пользоваться тем, что мы собираемся внедрить... Надо научить. Надо научить пользоваться смартфонами как следует. Поэтому у нас здесь огромное поле работы, больше говорить, объяснять, больше учить
Сондықтан Ақпарат министрлігі цифрландырудан бұрын, халықты ағарту ісімен айналысуы тиіс. Қарапайым халық қазынаның қыруар қаржысы қандай мақсатқа жұмсалып жатқанын, нәтижесінде не көретінін саусақпен санап түсіндіру керек дейді президент.
Асқар Жұмағалиев, ҚР премьер-министрінің орынбасары:
-Маңызды мақсаттардың бірі өте белсенді мемлекет құру. Яғни бұл мемлекеттік қызметтерді халыққа өте жедел, жеңіл тәсілмен ұсыну. Болашақта бұл қызметтер адамның қатысуынсыз, интернет, мобилді қосымшалар арқылы жүзеге асуы тиіс.
Яғни, құжат жинап, кезек күтетін, қызмет алу үшін қабаққа қарайтын күн келмеске кетеді. Тіпті бума-бума қағазға басылған құжаттар да жақын болашақта электронды жүйеге ауысады. Ал бүгін осы қызметтерді атқарып отырған азаматтар, президенттің кеңесіне құлақ асып, дипломды бұлдамай қайта оқуға кіріскендері абзал.
-2021 жылы толық тәмамдалуы тиіс Цифрлі Қазақстан бағдарламасының жобасын президент бүгін шикі деп, қайта қарауға жіберді. Жыл соңына дейін бүгін айтылған ескертпелерді елеп, түзетілген бағдарлама келер жылдың қаңтарынан іске асырыла бастайды. Бұл жолы шикілік болуы мүмкін емес. Себебі жұмыстың барысын әр ай сайын мемлекет басшысының өзі келіп қарап отырмақ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!