Елімізде бензин бағасын қасақана көтерген кәсіпкерлер шатылуы мүмкін
Кәсіпкерлер бензин бағасын әдейі келісіп көтерген болуы мүмкін. Жанармайдың неліктен күрт қымбаттап кеткенін қазір монополияға қарсы қызмет дереу тексеруге кірісті.
Автор: Досжан Маратұлы
13.09.2017
Ал бағаның тексеруге де қарайтын түрі жоқ. Жұрт көп тұтынатын АИ-92-нің бағасы бүгін тағы екі-үш теңгеге өсіп, 147 теңгеге дейін сатылып жатыр. Егер бизнесмендердің бағаны негізсіз өсіргені анықталса, жаппай айыппұл салынбақ. Жалпы, биылдыққа бензин құнын келісіп көтерген 50-ге жуық жанармай бекетіне қатысты тергеу аяқталған. Оларға 600 миллион теңгенің айыппұлы салыныпты. Мұндай дерек бұл жолы да анықталса миллиондардың көлемі арта түсетіні анық. Құнның өсуін бұған дейін Энергетика министрлігі бензиннің тапшылығымен түсіндірген болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!