{metadescription}
Алматыда трамвайлар шіріп жатыр
Алматыда трамвайлар шіріп жатыр

Алматыда трамвайлар шіріп жатыр

Темір-терсекке айналған трамвайлар! Алматыда бір жыл бұрын жүруіне тыйым салынған отарбалар жан баласына керегі болмай, тат басып жатыр. Тау боп үйілген сол шойынды шенеуніктер қайда жіберерін білмей дал.

Осының кесірінен депо аумағы нағыз қоқыс алаңына айналған. Трамвай вагондарының да бір жылдан бері ешкімге керегі болмай тұр. Бұрынғы депо басшылығы қанша тырысқанымен, ешбір фирма темір-терсекті қажет қылмапты. Ал қала билігі болса, былтырдан бері депо орнында саябақ ашуды жоспарлаумен ғана жүр. Сәулетшілер мен дизайнерлер арасында арнайы байқау жариялап, жеңімпазын да анықтап қойған екен. Дегенмен, жақын арада трамвай аумағында тұрғындар серуендей қоймайтын сыңайлы.   

Наталья Ливинская, «Алматы даму орталығы» урбанистика бөлімінің жетекшісі: 

-Рас, байқау біраз созбалаңға салынды. Себеп 24 жобаның ішінен ең жақсысын таңдау оңайға соқпады. Сарапшылардың пікірлері екіге жарылды. Сондықтан, жобаны біраз создырдық. Қазір біреуін таңдаған сияқтымыз. Енді қаржыландырудан кейін сол жоба бойынша саябақ жасайтын боламыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде