{metadescription}
Теңге мен юань арақатынасы жаңа деңгейге көшті
Теңге мен юань арақатынасы жаңа деңгейге көшті

Теңге мен юань арақатынасы жаңа деңгейге көшті

Бүгіннен бастап Қазақстан қор биржасында екі валюта арасында Т+2 қағидатымен сауда-саттық жасауға мүмкіндік берілді. Жалпы, КАСЕ-де теңге-юань арқылы сауда жүргізу 2014 жылы басталған. Валюталар жұбының жаңа мүмкіндігін Қор биржасының өкілдері Қытай мен Қазақстан арасындағы импорт-экспорттық әлеуетінің артуына ықпалы зор дейді.

Қытай экономикасы Қазақстан импортының айтарлықтай бөлігін қамтамасыз етіп отырғандықтан, екі ел ақшаларының тікелей байланысын арттыра түсу өте маңызды дейді қаржы мамандары. Сол үшін бүгін Қазақстан қор биржасында Т+2 тәртібі бойынша теңге-юань валютааралық саудасын жүргізуге бастама берілді.

Ол бойынша, келісім жасаған тараптар өз міндеттемелерін орындауды екі күнге дейін соза алады. Екінің біріне түсінікті бола бермейтін мұндай шаралар, қаржы мамандарының айтуынша екі елдің кәсіпкерлеріне тиімді болмақ. Айта кетерлігі, Қытай соңғы жылдары өз ақшасының әлемдік нарықтағы беделін арттыруға кәдімгідей күш салып жатыр.

Чжан Уей, Қытайдың Алматыдағы бас консулы:

-Қазіргі сәтте Қытай юані Оңтүстік-Шығыс Азияның бірқатар елдерінде еркін айналымда жүр. 

Малайзия, Оңтүстік Корея, Камбоджа сынды елдерде Қытай юані валюта резерві ретінде сақталып тұр.

Ал былтыр қазан айында Халықаралық валюта қоры Қытай ақшасын мүшелікке алды. Яғни, халықаралық сауда айналымында юаньмен есеп айырысуға, қор сақтауға болады деген сөз. Оның екпіні енді Қазақстанда да қатты сезіле бастады.

Алина Алдамбеген, Қазақстан қор биржасының басқарма төрайымы:

-Биылғы 8 ай ішінде юань-теңге жұбының саудасы 77 миллион юань, яғни 3 миллиард 600 миллион теңгені құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 59 пайызға өсім бар.

Төл ақшасын барынша интернацияландырып жатқан аждаһа ел сауда-саттық бойынша Қазақстанның үшінші серіктесі. Сондықтан, Қытай импортын тікелей теңге-юань бағамымен сатып алу Қазақстанға да тиімді екен.

-Ең бастысы, екі ел қос валютаның арасын нығайту арқылы доллар курсына деген тәуелділіктен құтыламыз деп қуанып отыр. Бірақ, юаньнің Қазақстан нарығына орнығып алу ықтималдығы туралы ешкім айтпайды. Қазірдің өзінде елімізде қытайлармен қатысы бар 985 компания жұмыс істейді. Олардың да қызыл ақшаның шапағатын күтіп отырғаны жасырын емес. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

02 қаңтар

01 қаңтар

31 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде