Саясаттан кеткен Қиынов енді бар өмірін немерелеріне арнамақ
Елдегі екінші адам қызметінде қалды! Сенат депутаттары бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевты төраға етіп қайта сайлады. Оның кандидатурасын Елбасы ұсынған болатын. Ескі де жаңа төрағаны сенаторлар бірауыздан қолдаған.
Автор: Досжан Маратұлы
14.09.2017
Тоқаев конституция бойынша президентттен кейінгі елдегі екінші лауазымды қызметті 2013 жылдан бері атқарып келеді. Бұған дейін премьер-министр, Сыртқы істер министрі, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары қызметтерін атқарған. Сондай-ақ, бүгін Бектас Бекназаров пен Дархан Қалетаевтың да депутаттық мандаты ұзарды. Ал, Жоғарғы палатада 4 жыл отырған Ләззат Қиынов, керісінше орын тағын босатты. Зейнет демалысына кеткен ол енді немере бағумен айналысамын дейді.
Ләззат Қиынов:
-Немере- ең бастысы. Қазақ айтады ғой өз балаңнан гөрі немереңді жақсы көресің деп. Солай боп тұр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!