{metadescription}
Көкшетауда 70 жастағы әжей өзін пышақтап тастаймын деп жанжал шығарды
Көкшетауда 70 жастағы әжей өзін пышақтап тастаймын деп жанжал шығарды

Көкшетауда 70 жастағы әжей өзін пышақтап тастаймын деп жанжал шығарды

Оған кейуананы сот орындаушылары пәтерінен күштеп шығармақ болғаны себеп. Пәтерін банкке кепілдікке қойып, бірнеше жыл несиесін төлей алмаған жалғызбасты Әмина Болатова баспанасын өліспей беріспек емес. 

Зейнеткерді баспанасынан шығару үшін жедел жәрдем, өрт сөндіру қызметі, полиция мен сот орындаушылары тайлы тұяғы қалмай келіпті. Есігін сындырып ашқанда Әмина қария өзін пышақтап тастайтынын айтып айғайға басты. Ал дауға себеп бөлған өтелмей қалған несие. 10 жыл бұрын 1 миллион 600 мың теңге қарыз алған Әмина Болатова аяқастынан күйеуі қайтыс болып, қарызға белшесінен батқан екен. Енді банк жалғыз баспанамды ескертпей-ақ сатып жіберді деген уәж айтады. Ал, пәтер басқаныкі деген сот орындаушылары болса, жағдай ушығып бара жатқан соң сот өндірісін уақытша тоқтатты.

Арман Шәкеев,жеке сот орындаушысы:

-Сот шешімі күшіне 2014 жылы енген.Қазір бұл пәтердің жаңа қожайыны Алматыда тұратын Ержан Қожахметов. Міне, оның атынан өкілі келіп тұр. Пәтерді банктен сатып алған. Біз барлық қызметтерге ескертіп, заң бойыша келіп тұрмыз. Бұған дейін екі рет әжейге өз еркімен босату туралы ұсыныс жасалған болатын.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.