Ақтау тұрғындарын кімнің дүрліктіргені белгілі болды
Жұртты дүрліктірген жарылғыш зат! Ақтауда қаланың қақ ортасында қолына граната ұстаған 46 жастағы азамат ұсталды. Ал тұрғындардың зәресін алып, ойын сан саққа жүгірткен полицейлердің өздері екен.
Автор: Жанар Низамутдинова
15.09.2017
Олар түн жарымында көпшілік көп жүретін жерде жедел іс-шара өткізіпті. Сөйтіп, 46 жастағы тұрғынның қалтасынан жарылғыш зат тауып алып, айналаны дүрліктірген. Құдай сақтап, онысы тек оқу-жаттығуға арналған екен. Тәртіп сақшылары енді қауіпті болмаса да, оның қайдан алынғандығын анықтап жатыр. Айтуларынша, ұстау кезінде жұрт қорқатындай атыс-шабыс болмаған. Ал, осыған дейін әлеуметтік желі арқылы тұрғындар орталық көшелердің бірінде 4 жігіттің бір-бірімен атысып, біреуінің өлгендігін жарыса жазған еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!