Иерусалимде баласын әскерге жібергісі келмеген діндарлар соққыға жығылды
Діни білім жолында жүргендерді әскери борышын өтеуден босатуды сұраған олар шеру өткізген болатын.
Автор: Ербол Тұрымбет
18.09.2017
Бас көтере шыққандар қаланың негізгі көшелерін жауып тастауға тырысқан. Алайда, тәртіп сақшылары жиылғандарды тарату үшін кәдімгідей күш қолданды. Аяусыз тепкінің астында қалғандары да бар. Израиль полициясы наразылық танытқандар арасында 8 адамның ұсталғанын мәлім етті. Айта кетсек, ел заңына сәйкес, 18-ге толған әр бала әскери борышын өтеуге міндетті. Өткен аптада осы заңды өзгертуге ұсыныс жасалғанымен, Израиль жоғарғы соты оны қайтарып тастады. Осыдан соң ортодокс еврейлер дегенінен қайтпай бас көтерген еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!