Каталония Испания корольдігінен азаттық сұрап жатыр
Барселонада мыңдаған тұрғын Тәуелсіздікті жариялау жөніндегі референдум өткізуді қолдап көшеге шықты.
Автор: Ербол Тұрымбет
18.09.2017
Жиналғандардың барлығы Тәуелсіздік жөніндегі референдумға дауыс беруге хақымыз бар деген ұранды Каталонияның өз тілінде «Вотарем» деп айтып шықты. Жиылғандардың бұл талабын Каталония қалаларының басшылары да қолдайтынын білдірді. Тіпті, Мадридте де бір топ адам каталондықтарды қолдап, билікке наразылықтарын білдірген. Бірақ, Испания билігі бөлек ел атанғысы келетіндердің шеруін заңсыз деп танып, бұндай шара өткізуге мүлде тыйым салды. Ал шеруге қатысып, олдау көрсеткен сондағы билік өкілдері қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!