Сирия әскері ДАИШ содырларын қуып шықты
Сирия әскері Ресей әуе күштерінің көмегімен Дейр-әз-Зор қаласының оңтүстік-шығыс аудандарынан ДАИШ содырларын қуып шықты. Сондай-ақ, Ефрат өзенінің жағасындағы қару-жарақ тасымалдап отырған күре жолды қиратып тастады.
Автор: Ербол Тұрымбет
18.09.2017
Қазір әл-Джафра ауданында соғыс аумағы ұлғайып, кескілескен ұрыс жүріп жатыр. Бұған дейін күрд қарулы жасағы билік әскерін өзеннен ары өткізбейміз деп уәде қылған еді. Әуе шабуылынан кейін бүлікшілердің біразы Ефраттың екінші бетіне өтіп, әлі де қарсыласуда. Айта кетейік, Дейр-әз-Зор қаласы соңғы 3 жыл бойы ДАИШ сарбаздарының бақылауында болып келген. Билік әскері тек осы қыркүйектің басында ғана қаланы жәйлап азат ете бастады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!