{metadescription}
Қарағандының бас құтқарушысы түрмені айыппұлға өзгертуді сұрады
Қарағандының бас құтқарушысы түрмені айыппұлға өзгертуді сұрады

Қарағандының бас құтқарушысы түрмені айыппұлға өзгертуді сұрады

200 мың теңге ауызбастырық үшін 4 жылын абақтыда өткізеді. Қарағанды соты бүгін облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының бұрынғы орынбасарына осындай үкім кесті.

Сондай-ақ Вадим Магамадовқа енді мемелекеттік мекеме түгілі мемлекеттің қандай да бір қатысы бар компания атаулыда өмірі жұмыс істеуге қақысы жоқ. Полковник шені мен 2-ші дәрежелі Айбын ордені кері қайтарылып, қылмыстық жолмен табылған дүниесі де тәркіленеді. Естеріңізге салсақ, Вадим Магамадов осы жылдың 4-ші сәуірінде жұмыс кабинетінде 200 мың теңге алып жатқан жерінен ұсталған. Ол бұл соманы кәсіпкерден өрт қауіпсіздік шараларына көз жұма қарау үшін талап етіпті. Қылмысын толық мойындап, жазаны айыппұлға ауыстыруды сұрағанмен, өтініші орындалмады.

Виктор Журавлев, адвокат:

-Қылмысты толығымен мойындадық. Прокуратурамен келісімге келісіп, жаза ретінде 12 миллион теңге айыппұл төлейік деген арыз да түсіргенбіз. Оны 4 жылға қамап салық төлеушілер есебінен асырағаннан гөрі, мемлекетке шығын өтелгені дұрыс емес пе?  Үкіммен келіспейміз

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде