Елордада өртенген бизнес орталықтың кәсіпкерлері шығындарын кімнен өндірерін білмей жүр
3 қабатты ғимарат түнде жертөледегі кафенің кесірінен отқа оранған еді.
18.09.2017
Яғни, дәмхананың ас дайындайтын бөлмесі отқа оранып, кейін қызыл жалын осындағы түтін сорғыш арқылы шатырға ауысқан. Өрт сөндірушілер ондағы қызыл жалынмен 5 сағат арпалысып зорға ауыздықтады. Қайта ғимарат ішіндегі адамдар дер кезінде сыртқа шығарылды. Зардап шеккендер жоқ. Тек өртті сөндіруге арналған су төменге өтіп, бизнес орталық ішіндегі жиһаз бен өзге де дүние мүлікке зақым келтірген. Қазір іскерлік орталық уақытша жабылып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Онда жұмыспен қамту орталығы, біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорының бөлімшесі мен өзге де кеңселер орналасқанын айта кетейік.
Наталья Сидорова, кәсіпкер:
-Өзім таңертең ғана білдім. Келсем еденнің барлығы су болып жатыр. Бірнеше техникам істтен шыққан. Әлі шығынды есептеген жоқпын. Бәрінен бұрын жұмыстың тоқтап қалғаны жаман болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!