{metadescription}
Талдықорғанда шенеунікпен төбелескен шаруа сотталып кетті
Талдықорғанда шенеунікпен төбелескен шаруа сотталып кетті

Талдықорғанда шенеунікпен төбелескен шаруа сотталып кетті

Субсидия сұраймын деп сотталып тынды! Бүгін Талдықорған соты қалалық әкімдікте болған төбелеске қатысты шешім шығарды. Оған сәйкес, жүнге субсидия сұрап барып, әкімнің орынбасарымен жаға жыртысқан шаруа енді бір жылын түрмеде өткізуі тиіс. Десе де, өзін шенеуніктің құрбаны санайтын Алмасбек Садырбаев, сот үкімін әділетсіздік деп отыр.

Субсидия сұрап барып, соттан бір-ақ шыққан шаруа үкімнің соңына дейін басын төмен салбыратқан күйі отырды да қойды. Ал одан таяқ жедім деген Талдықорған әкімінің білдей орынбасары Асқар Тұтыбаев болса, керісінше, ерекше көңілді. Сөйтсе, шенеуніктің шіренуі бекер емес екен. Сот оның сөзіне сеніп, шапалақ үшін шаруаны 1 жылға соттады.     

Анар Тоқтыбәкиева, Талдықорған қалалық сотының судьясы:

-Садырбаева - Садырбаев Алмасбек Жұмабекұлы жасаған қылмыстық әрекеті үшін кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығынан айырылсын. Сотталушы Садырбаев сот залынан қамауға алынсын.

Шенеунік одан қалды моралдық шығын ретінде шаруадан бақандай 10 миллион теңге сұратқан. Алайда, шапалақ үшін бұл сома тым көп деп шешсе керек, сот тек 300 мың теңге айыппұлмен шектелді. Ал төбелесті бастаған мен емес деп шырылдағанына қарамастан, фермердің қолына тура сот залында кісен салдынды.

Алмасбек Садырбаев, сотталушы:

-Сот шешімімен мүлде келіспеймін! Әкімдік қызметкері болған соң ұтып тұр. Апелляцияға беремін, әділдік емес бұл!

Жанжал жүннен шыққан болатын. Кәсіпкер Алмасбек Садырбаев қала әкімінің орынбасары жүнге субсидия сұрағаным үшін тұмсығымды бұзды деп онысын әлеуметтік желіге жариялаған болатын. Алайда, артынша Асқар Тұтыбаев та таяқ жедім деп желіге емес, бірден сот арызданған. Кабинетте болған оқиғаға таспаға түспеген. Іске тек орынбасардың сөзі мен дәліздегі көріністер ғана дәйек болыпты.     

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде