Орта Азиядан кейін президенттің сапары Таразда жалғасты
Атқарылып жатқан істің барысымен танысып, жергілікті билікке шұғыл шешілуі тиіс шаруаларға қатысты бірқатар тапсырмалар берді.
Автор: Руслан Әбдіхалық
18.09.2017
Әсіресе, игерілмей жатқан жердің жайы бірінші кезекте. Гектарлап жер алып, оны босқа пайдаланбайтындар енді жаппай телімдерін өткізуі тиіс. Олар іскер азаматтарға үлестіріліп беріледі. Президент мұны аймақ басшысы Кәрім Көкірекбаевқа мықтап тапсырды. Сапарын «Көне-Тараз» тарихи-мәдени кешеніндегі «Достық үйін» аралаудан бастаған Нұрсұлтан Назарбаев гипс жасау зауытына да барып, жуырда ғана пайдалануға берілген су жаңа көпірді де көріп қайтты. Ауыл мен қаланы жалғайтын өткелдің құрылысы Кеңес үкіметі тұсында басталып, аяқсыз қалған болатын. Былтыр бұл шаруаны қолға алған билік ақыры көпірді ел игілігіне ұсынды. Мемлекет басшысының аймақтағы сапары жергілікті актив отырысымен қорытындыланды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!