Назарбаевтың Орта Азияға сапары табысты аяқталды
Қазақ пен өзбек байланысы бұрын-соңды болмаған белеске шықты! Ресми Тәшкен тіпті 26 жылға жалғасқан жабық саясатын өзгертіп, шекарадағы шектеулерді жойды. Екі елдің арасындағы су дауы шешілді және Өзбекстан қазақ кәсіпкерлеріне өз нарығын ашпақ. Өзбек президенті Шавкат Мирзиеев Нұрсұлтан Назарбаевты Ташкентке арнайы шақырып, осындай ұсыныстар жасады. Өзбекстан астанасында саяси, экономикалық мәселелерді шешкен соң, Елбасының Орта Азияға іссапары Түркіменстанда жалғасты.
Автор: Жәудір Оразхан
18.09.2017
-Негізі, Көксарайға күнде қонақ келе бермейді. Өзбекстан билігі ауысқалы, яғни, соңғы тоғыз айда Нұрсұлтан Назарбаев Ташкентке іссапармен келген алғашқы президент. Сондықтан, Елбасы Өзбекстанға, әсіресе, Шавкат Мирзиеев үшін орны бөлек мейман. Өзбек президентінің өзі де: “бұл тарихи кездесу” деп сан қайталаумен болды.
Өзбекстанды бастан-аяқ реформалап жатқан Мирзиеев ең алдымен жақын көршісі - Қазақстанмен қарым-қатынас, сауда-саттықты жақсартып алмақ. Өзбек президентінің бұл жоспары жүзеге асып та жатыр. Мирзиеев таққа отырғалы екі елдің арасындағы тауар айналымы 35 пайызға артыпты.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:
-35 % - такого роста не было. Сейчас время непростое, цены товаров упали, идет кризис мировой. Не смотря на это мы находим новые ниши для развития обоих государств. Вместе с тем, как сказал Шавкат Миромонович, мы ставим задачу поднять торговлю до 5 миллиардов долларов и это не предел и это не является неосуществимым.
Бүгінге дейін Өзбекстан Қазақстанда шығарылған көліктерді өз нарығына кіргізбей, импортқа тыйым салған. Бұл мәселе де шешілді. Енді Өскемен, Қостанайдағы автозауыттар мен өзбекстандық кәсіпорындар бірлесіп көлік құрастырады және экспортқа жол ашылды. Ағайын елдердің арасында жүрген тағы бір мәселе бар. Президенттер трансшекаралық Сырдария өзенінің суын теңдей пайдалануға келісті. Шекарада да көптеген шектеулер алынды. Ташкент жүк тасымалына салық, акциздер мен тарифтерді төмендетті. Шавказ Мирзиеевтің айтуынша, өзбек халқы Қазақстанмен дәл осылай етене жақын араласуды жылдар бойы аңсаған.
Шавкат Мирзиеев, Өзбекстан Республикасының президенті:
-Мы давно ждали этого, довно хотели.Это исторический визит. Тіліміз, дініміз бір.
Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы мәдени байланыс та үзіліп қалған еді. Қарым-қатынасты жаңғырту үшін Өзбекстан келесі жылды Қазақстан жылы деп жарияламақ. Бұдан кейін президенттің Орта Азияға іссапары Түркменстанда жалғасты. Назарбаев отандық спортшылармен кездесу үшін арнайы Ашхабадқа барды.
-Глядя на ваши победы молодежь будет стремиться заниматься спортом. А это здоровая нация. Здоровая нация, за Головкина все болеют. Вы тоже болели? Я тоже. Я пришел, чтобы пожелать вам удачи.
Президенттің өзі жанкүйер болуға келгенін көріп, шабыттанған спортшылар елге жүлдесіз оралмаймыз деп уәде берді. Ел намысын қорғауға келгендердің арасында Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова да бар. Азия ойындарында ел намысын қорғау үшін 150 спортшы келген. Олар спорттың 17 түрінени өзара бақ сынайды.
-Ашхабад Азия ойындарын абыройлы өткізу үшін тыңғылықты дайындалыпты. Және аз шығындалмаған. Халықаралық сайысқа арнайы жаңа қалашық салған. Қазір біз сол спортшылар ықшамауданында тұрмыз. Мұнда бассейн, велотрек, спорт кешені сынды 30 нысан бар. Оларда 62 елден келген жүйріктер жарысуда.
Сайыс бағдарламасында суда жүзу, жеңіл атлетика, теннис, шахмат сынды 21 спорт түрі бар. Айта кету керек, қазақ күресі тұңғыш рет Азия ойындарына кірді. Үш салмақ дәрежесінде балуандарымыз өнер көрсетеді. Ал Ашхабаттағы дода 20-шы қыркүйекке дейін жалғасады
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!