{metadescription}
Көкшетауда жер үйде болған алапат өрт 3 адамның өмірін жалмады
Көкшетауда жер үйде болған алапат өрт 3 адамның өмірін жалмады

Көкшетауда жер үйде болған алапат өрт 3 адамның өмірін жалмады

Тілсіз жау үйдегілер шырт ұйқыда жатқан кезде тұтанған. Соның салдарынан 55 жастағы Қарашаш Есмұқанова мен оның 8 және 1 жарым жастағы екі жиені ыс тиіп өлді. Ал кішкентай егіздің сыңарын көзі көрмейтін атасы сыртқа сүйреп алып шыққан. 

Есмұқанов отбасы қайғылы оқиға болардың алдында кішкентай жиендерімен бірге ерте жатып қалған екен. Ал балалардың анасы жұмыста болыпты. Әкелері әлдеқашан тастап кеткен. Өрттің тұтанғанын алғашында ешкім байқамаса керек. Тек әбден күн алғанда көршілері көріпті.

- Апа жанып жатырмыз дейді. Менің жүрегім ұстап қалды.

Үй иесі –  61 жастағы Жантас Есмұқанов бөлмесінде радио тыңдап жатыпты. Көзі көрмейтін ақсақал шатырлаған дыбысты естіп, далаға шықпақ болған. Бірақ бұл кезде қызыл жалын екі бөлмені шарпып үлгерген екен. Сипалап жүріп балалардың біреуін тауып, сыртқа алып шыққан. Ал әйелі мен екі жиені ыс тиіп өлді.

Жантас Есмұқанов, зардап шегуші:

- Үшеуінен бірдей айрылдым. Қолтығыма қысып алып шыққаным мынау кішкентай немерем, тауып алғаным сипалап. Екеуін таба алмадым.

Құтқарушылар үйден 55 жастағы Қарашаш пен егіздің сыңары – бір жарым жасар Тыныштының өлі денесін алып шыққан. Ал 8 жастағы Рашын ауруханаға жетпей жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Өрттен аман шыққан тек Жантас ақсақал мен кішкентай Ырысты. Әзірге өрттің нақты неден тұтанғаны белгісіз. 

Михаил Орешкин, Көкшетау қалалық ТЖБ бастығы: 

-Әзірге бізге белгілісі – ол күні бұл отбасы пеш жақпаған. Негізі, болжам бойынша, кәдімгі балоннан газ шығып, жиналып қалған. Ал оның қалай тұтанғаны сараптама арқылы анықталады.  

-Осылайша, бүтіндей бір отбасының баспанасыз, киім-кешексіз қалғаны былай тұрсын, 3 адамынан қапыда айырылып, қайғыдан қан жұтып отырған жайы бар. Әсіресе, 29 жастағы Мәдинаға бұл ауыр тиді. Ол ертең екі баласы мен анасын жер қойнына тапсырады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 ақпан

14 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде