{metadescription}
 Жапондарды таң қалдырған халық әні!
 Жапондарды таң қалдырған халық әні!

Жапондарды таң қалдырған халық әні!

Алматыда дәстүрлі  «Жапон күзі» өнер фестиваліне Күншығыс елінен келген қонақтар қазақ әндеріне тәнті болды. Елімізде осымен жетінші рет өткізіліп жатқан шараның шымылдығын ашқан атақты жапон пианисті Котаро Фукума, тіпті, осы фестивальге арнайы қазақ музыкасын орындауға дайындалып келіпті.

Котаро Фукума, Пианист ауд

-Маған «Япур-ай» әні өте ұнады. Өте әсерлі туынды.Мен осыған дейін қазақ шығармаларын білмеуші едім. Енді ғана қызығушылығым оянды. Егерде алдағы уақытта мүмкіндік болып жатса, қазақы туындыларды орындап, елдерге танытқым келеді.

Жыл сайын Алматы мен Астанада өтетін фестиваль биыл Бішкекте де өтпек. Мұнымен қоса, Алматы тұрғындары мен қонақтары күншығыс елінің киноматографиясымен танысуға мүмкіндік алады. Яғни, қыркүйектің 22-сінен 26-сына дейін жапонның үздік режиссерларының кинотуындылары тегін көрсетілмек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.