{metadescription}
Алматыда бейімдеу орталығының тұрғындарына қатысты сот шешім шығарды
Алматыда бейімдеу орталығының тұрғындарына қатысты сот шешім шығарды

Алматыда бейімдеу орталығының тұрғындарына қатысты сот шешім шығарды

Қаңғыбасқа 40 мың теңге айыппұл салынды! Алматы қаласы әлеуметтік бейімдеу орталығының бұрынғы тұрғыны Клара Төлеубаева мен қазіргі тұрғыны Людмила Шевченконың ісіне қатысты сот нүктесі осылай қойылды. Бірақ екі тарап та үкіммен келіспей, қайыра шағым түсірмек.

Клара төлеубаева, Алматы қалалық әлеуметтік бейімдеу орталығының бұрынғы тұрғыны:

-Қоғамдық жұмысқа тартылу керек деген мәселе, түгел 220 сағатқа тартылу керек еді. Оны істеген жоқ. Менің берген моральдық шығынымды, маған келтірген зиянды, залалдық шығын да толық өндірілген жоқ. Сондықтан мен қайта беруге мәжбүрмін.

Айта кетсек, Клара Төлеубаева мекеменің қазіргі тұрғыны Людмила Шевченконың үстінен сотқа шағымданған болатын. Сөзіне сенсек, Шевченко ондағыларды ұрып-соғып, айғайлап басынып, тамақ бермейтін көрінеді. Бұған шыдамай дау көтерген соң, өзін орталықтан шығарып жібергенін айтады. Шевченконың үстінен жазылған арыз бойынша осыдан бір апта бұрын сот отырысы басталған еді. Бүгін шағым қанағаттандырылып, Төлеубаеваның пайдасына 40 мың теңге өндірілетін болды. Оған қоса, Шевченко 60 сағат қоғамдық жұмысқа жегілмек. Бірақ, үкімді заңсыз деген бейімдеу орталығының басшылары Шевченкоға болысып, олар да қарсы шағым түсіргелі жатыр.

Жанна Жұбандықова, Алматы қалалық әлеуметтік бейімдеу орталығының әлеуметтік қызметкері:

-Біз ондаймен келіспейміз. Ол төлей алмайды өтемақыны. Басқа әлеуметтік жұмыстарға ол кісі жарамайды, жарамсыз деп есептейміз. Сол үшін біз апелляцияға беруге дайынбыз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.