{metadescription}
Теміртауда қаруланған қарақшылар қала дүкендеріне қырғидай тиіп жатыр
Теміртауда қаруланған қарақшылар қала дүкендеріне қырғидай тиіп жатыр

Теміртауда қаруланған қарақшылар қала дүкендеріне қырғидай тиіп жатыр

Соңғы 3 күнде ғана 4 адамнан құралған топ 4 дүкенге мылтық кезеніп кіріп, касса қаражатын алып кеткен. Барлық жағдайларда да полиция жылдам жеткендерімен, күдіктілерден көз жазып қалыпты. Соңғы күндердің жаңалығынан құлағдар болған Теміртау тұрғындары ауыздан ауызға тараған дақпыртты айтып гуілдеп жүр. Полиция да, нақты ақпарат беруден қашқақтауда. Ал қарақшылық жасалған дүкендегілер әбден шошынғандарын жасырмайды. 

Мына кадрларда түнгі сағат 2-лер шамасында дүкенге басып кірген екі жігіттің бірі сатушыға қару кезеніп тұр. Осы уақытта екіншісі сөреден қарғып түсіп, сатушы қызды екпетінен еденге жатқызып, касадағы ақшаны сыпырған. Айналасы санаулы секундтарда қарақшылар із суытыпты. Оқиға орнына полиция жылдам келді дейді дүкен әкімшісі. Бірақ артынып-тартынып кеп, иісшіл итке дейін алдырғандарымен ешкімді ұстай алмаған.

Наталья Ракитина, дүкен әкімшісі:

-Біреуі есікте қалыпты,үшеуі кірген. Сөрелерді қиратып, кассадағы ақшаны алған. Сатушы қызды жұлқылап еденге жығыпты. Ол байқұс әбден шошып қалған. Бүгін жұмысқа шықпады.

Мұның алдында үш сағат бұрын қаскөйлер мына дүкенде ойран салыпты. Бұл дүкен қаланың екінші жақ шетінде орналасқан. Бірі есікті күзетіп, бірі қару кезенсе, екеуі кассадағы ұсақ ақша мен одан бөлек тығылып жатқан ірі соманы да алған. Соған қарағанда бұл дүкенді әбден зерттегенге ұқсайды. Қарақшылар жас балалар болуы мүмкін дейді сатушы.

Елена Бельдина, сатушы:

-Дауысы жас баланыкіне ұқсайды. Қимылдары да ширақ. Содан да болуы керек, қас пен көздің арасында ақшаны алып ғайып болды. Қайта қол жұмсамады, бірақ өзім де кезелген мылтықты көріп сілейіп қалыппын. Өте қорқынышты болды, әрине.

Бетперде таққан 4 адамның осыдан бір күн бұрын Теміртауда тағы екі дүкенге кіріп шыққаны анықталды. Онда да қомақты соманы алып кетіп, полиция келгенше жоқ болған.

Қарақшылық жасалған дүкен иелері қолды болған қаражат сомасын айтудан бас тартып отыр. Өйткені жұртты сұқтандырып, тағы бәлеге тап боламыз ба деп қорқады. Ал полицейлер қазір қарақшылық жасағандарды ұстау үшін барын салып жатқандарын айтады. Арнайы топтар құрып, торуылдар да ұйымдастыруда. Олар мұнан өзге, айтар ақпаратымыз жоқ дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде