{metadescription}
Алматыда құл болудан шаршаған жолсеріктер үлкен шу шығарды
Алматыда құл болудан шаршаған жолсеріктер үлкен шу шығарды

Алматыда құл болудан шаршаған жолсеріктер үлкен шу шығарды

"Жолаушылар тасымалы" компания қызметкерлерін қанауда! Маңғышлақ-Алматы пойызының жолсеріктері бүгін осындай ашулы мәлімдеме жасады! Айтуларынша, мекеме оларға артығымен жұмыс істетіп, бірақ айлыққа жарытпай қойыпты. Тіпті, сол аз жалақының өзі ай сайын негізсіз қысқартылатын болған. Күйінген жолсеріктер вагонның едені мен дәретханасын жуып та шаршағандарын айтады.

6 күн үй көрмей қызмет ететін жолсеріктердің «Жолаушылар тасымалы» мекемесіне өкпесі қара қазандай. Өйткені, жұмыс қиындаған сайын, айлық та азая түскен. Ал, жоспар орындалмаса, соның өзі қысқартылады дейді.

- Қудалау бұл қудалау адамды. Түсіндіңіз ба? Қалай ол адамның жанына батпайды ондай нәрселер?! 

Айтуларынша, қит етсе жазаға ілініп, жұмысқа жегіледі екен. Бірақ, ол үшін артық ақша төленбейді. Келісім-шартта жазылған денсаулыққа келген зиянға берілуі тиіс өтемақы да арман болған. Ең қиыны, қызметкерлер тиісті еңбек демалысын дер кезінде алмағандарын айтады.

Асқар Кланов, жолсерік:

- Үш ай еңбек демалысына шықпайсыңдар дейді. Кәдімгі перғауынның кезіндегі құл сияқты жұмсап отыр.

Мұнымен қоймай, әбден басынған «Жолаушылар тасымалы» әр сапар сайын жолсеріктерден ақша жинап алатын көрінеді. Алатыны аз ақша болса да, бұлар 6 күнде тыным таппайды. Күн-түн демей жолаушыларды күтіп алады, шығарып салады.

- Тіпті вагон тазалау да жолсеріктердің міндетіне кіреді. Олардың күніне осылай еденді екі рет жууы керек. Бұған қоса, әрбір 2 сағат сайын дәретхананы тазалап тұруы тиіс.

Оразгүл Есінбергенова, жолсерік:

- Дәретханамыз  қатып қалады. Суды жібітеміз жүгіріп. Ломмен далаға шығып мұз қағамыз. Сен әйелсің бе, еркексің бе оның қарап жатқан жоқ.

Оның үстіне дәл осы пойыздың вагондары тым ескі. Ал, соның кесірін біз көріп отырмыз дейді жолсеріктер. Өйткені, жолаушылар жиі шағымданып, екі ортада жазықсыз қызметкерлер жұмыстан қуылып жатыр деп мұң шағады.

Қарлығаш Хасанова, жолсерік:

- Бір жолаушы арыз жазатын болса, бірден жұмыстан шығарады.

Пойыз қызметкерлері ең болмаса өз айлығымызды түгелдей берсе дейді. Мұны талап етіп, өз басшыларына да, құзырлы орындарға да барған. Алайда, ешкім ешқандай шара қолданбапты. Ал, «Қазақстан темір жолы» жолсеріктердің бұлай наразылық білдіруіне еш негіз жоқ деп отыр.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ

- Жалақы жолсеріктердің жұмыс істеген уақытына қарай төленеді. Ол жағынан ешқандай заң бұзушылық жоқ. Ал, еңбек демалысының кестесі ЭСПО-2017 көрмесіне байланысты өзгерді. Өйткені, жазда әрі-бері қатынайтын жолаушылар көбейіп, қосымша пойыздар пайда болды.

Жолсеріктердің жиі-жиі еден жуушыға айналуына заң себеп екен. Сондықтан, оған көнбеске амал жоқ. Олардан артық ақша жинау да ешқашан болған емес деп жоққа шығарды басшылық. Ал, шыдамы шегіне жеткен қызметкерлер енді халықаралық ұйымдарға жүгінеміз деп бекініп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде