{metadescription}
Шымкентте әр тендерден 30 пайыз ауысбастырық алып келген шенеунік ұсталды
Шымкентте әр тендерден 30 пайыз ауысбастырық алып келген шенеунік ұсталды

Шымкентте әр тендерден 30 пайыз ауысбастырық алып келген шенеунік ұсталды

Момын жұрттың қамын емес, нанын жеймін деп тұтылды. Оңтүстік Қазақстанда облыстық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Сәтжан Полатов пара алып жатқан жерінен ұсталды. Онымен қоса осы ұйымның қос бірдей аудандық бөлім басшылары да қамауға алынған.

Шенеунік 6 жарым миллион теңгеге жуық пара алып жатқан кезінде Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының қызметкерлері үстінен түсті. Полатов қарамағындағы бөлім жетекшілерімен бірге бопсалау арқылы мемлекеттік сатып алуларға қатысты келісім-шарт жасасқандары үшін кәсіпкерлерден пара алып отырған. Қылмыстық жоспар құрып, былтырдан бері ақша жеп келгендер келісім-шартта көрсетілген соманың 30 пайызына дейін пара ретінде алыпты. Ал, бұл дегеніңіз 3 миллионнан 20 миллион теңгеге дейінгі сома. Қазір, қамауға алынған үшеу енді қылмысқа тағы кімдердің қатысы бар екенін тергеушілерге тәптіштеп айтып жатыр.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде