Семейде әскери көлік апатқа ұшырады
Оқыс оқиға бүгін қаланың қақ ортасында болған. Жол апаты салдарынан жүргізуші көз жұмды. Әзірге әскерилер азаматтың қаза тапқанын растағанымен, оның аты-жөнін атаудан бас тартып отыр. Сондықтан оның қай бөлімнің сарбазы екені белгісіз. Тек, «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығының хабарлауынша, брондалған техника оқу- жаттығудан қайтып келе жатқан екен. Енді, оның аяқ астынан апатқа ұшырауына не себеп болғанын, өздері де түсінбей дал. Алайда, олар арнайы комиссияның тексеру жұмыстарын жүргізіп жатқанын жеткізді.
Автор: Ұлан Нұрахмет
19.09.2017
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Кеше
25 қаңтар
24 қаңтар
Серіктестер жаңалықтары