Тайландтықтарды тақырға отырғызған экс-дипломат болып шықты
Қазақстан азаматы Тай елінде алаяқтық жасағаны үшін ұсталды. Бұл туралы жергілікті Nation.tv телеарнасы хабарлаған болатын. Олардың берген мәліметтеріне сүйенсек, қазақстандық Арман Шегелов Патайядағы сауда орталықтарының бірінде жалған банк карталарын қалданған сәтте қолға түскен.
19.09.2017
Онымен бірге Болгария мен Ресей азаматы да болыпты. Полицилердің айтуынша үш азамат 9 мың долларға жуық ақшаны ауыстырып үлгірген. Алайда, бұған қатысты сыртқы істер министрлігі ашып ештеңе айтпай отыр. Қолға түскен Арман Шегеловтың әлеуметтік желідегі жеке парақшасының бірінде сыртқы істер министрлігінде жұмыс істейтіні көрсетілген. Алайда жауаптылар мұны да жоққа шығаруда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!