{metadescription}
 Шығыс Қазақстан облысының әкіміне құрылысқа пайдаланылатын кірпіштің түсі ұнамай қалды.
 Шығыс Қазақстан облысының әкіміне құрылысқа пайдаланылатын кірпіштің түсі ұнамай қалды.

Шығыс Қазақстан облысының әкіміне құрылысқа пайдаланылатын кірпіштің түсі ұнамай қалды.

Даниал Ахметов Семейде салынып жатқан 9 қабатты үш үйді қарап шыққан болатын.

Даниал Ахметов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:  

-Мен алғаш келгенде көк түсті болатын. Енді, бүгін бозғылт көк түсті болып кеткен. Бұлай жалғаса беретін болса, түсін мүлдем жоғалтамыз. Сондықтан бұл жарамайды. Сендер ақшаны көк түсті кірпішке алып жатырсыңдар ғой.

Осылайша, ашуға булыққан аймақ әкімі жергілікті атқамінерлерді бір сілкіп алды. Оның айтуынша, жаңа «Қарағайлы» ықшамауданында салынып жатқан баспаналар көз тартарлықтай болуы керек. Сондықтан оның әр тасы мұқият таңдалуы қажет екен. Тіпті, ол үшін мемлекеттік қазынадан да қыруар қаржы бөлінген көрінеді. Ал бұл сұранысты отандық кірпіш зауыттары орындай алмаған жағдайда Ресейден сатып алу керек, деді әкім. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде