Жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро фармацевтика саласындағы кезекті былықты әшкереледі
Бұл жолы да, нарықты түгелдей монополиялап алған "СК Фармация" тендерді ым-жымы бір таныс компанияларына үлестіріп отырыпты. Сөйтіп, бюджеттің миллиардттарын жымқыруды жүйелі жолға қойған.
20.09.2017
Тендердің әдісі қарапайым. "СК Фармация" байқау жариялағанымен оны жеме-жемге келгенде, өздеріне жақын фирмалар ұтып отырған. Олар өз кезегінде, дәрілердің бағасын еселеп қымбаттатып көрсетіп, тек жеке қалталарының қамын ойлаған. Жемқорлыққа қарсы бюро бұл жерде ірі фармкомпаниялар өзара ауыз жаласқан деп отыр. Сөйтіп дәрі-дәрмек нарығын бірнеше компания монополиялап дегенін істеп отыр дейді құзырлы орган. Тіпті бағаны да қалғанынша қоятын болған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!