Денсаулығын өз еркімен сақтандыруға деген құлшыныс төмендеп барады
Мұндай мәліметті ranking.kz сараптамалық сайты таратты. Оған сенсек, жалпы медициналық сақтандыру қаражаты бойынша түсім арта бастағанымен, халық денсаулығын өз еркімен сақтандыруға қаржыны аз құяды екен.
Автор: Ербол Тұрымбет
20.09.2017
Мәселен, ауырған жағдайдағы сақтандыру қаражаты көлемі жыл басынан бері 7 ай ішінде 18 миллиард 300 миллион теңгені құраған. Былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 4 жарым пайызға өсім бар. Алайда, ерікті сақтандыру түсімдері керісінше шамамен 6 пайызға кеміп кетіпті. Яғни, жұрт былтырға дейін денсаулығы үшін ақшасын аямай келсе, бір жыл ішінде күрт төмендеп қалған. Бұл өзгеріс медециналық сақтандырудың жалпы көлеміне әсер етіп отыр. Айта кетерлігі, ауырған жағдайдағы сақтандыру қаражаты қоржынынан қазақстандықтардың ем-домы үшін биылдыққа 10 миллиард 800 миллион теңге жұмсалыпты. Бұл да былтырғы көрсеткішке қарағанда 210 миллион теңгеге артық.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!