{metadescription}
Алматының жаңа келбеті Елбасына ұнады
Алматының жаңа келбеті Елбасына ұнады

Алматының жаңа келбеті Елбасына ұнады

Танымастай өзгерген қала көшелерінің президент көңілінен шыққаны соншалық, Нұрсұлтан Назарбаев көлігін қалдырып, жаяу серуенге шықты.      

Алматыдағы Панфилов пен Жібек Жолы көшелері бұрынғыдан құлпыра түскен. Осыған дейін кептелістен көз ашпай келген қала орталығы құдды иранбаққа айналғандай. Енді бұл жолдармен тек жаяу жүргіншілер ғана жүріп-тұра алады. Нұрсұлтан Назарбаев та тұрғындармен біре қаланың жаңа келбетін қызықтап, төселген тастардың үстімен жаяу серуендеді. Есесіне, президенттің қасында жүрген қарынды шенеуніктер соңынан еріп үлгере алмай, біраз ентігіп қалды. Сергек серуеннен кейін Елбасы жаңадан құрылған Наурызбай ауданына барды. Кәсіпкерлер салған №36 емхананы аралап, ауырып, жаны қиналғандарға орталық ауруханалардан кем түспейтін сапалы медициналық көмек көрсетуді тапсырды.        

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

-Халық көбейіп келе жатыр. Аудан толғаннан кейін халыққа қызмет ету мәселесі жақындайды. Жаңа келе жатқанда ойладым, мына жерге қала орталығынан келу оңай емес екен. Халық санының көбеюіне байланысты барлығына бірдей сапалы қызмет көрсетуді тапсырамын. Ешбірі кем қалмауы тиіс. Қала сыртына қоныстанып жатқан тұрғындардың әрлі-берлі қатынап, қиындыққа түспес үшін тағы да жаңа әлеуметтік нысандар бой көтеретін болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде