{metadescription}
Мектеп оқулықтарына мәжілісмендер тағы сын айтты
Мектеп оқулықтарына мәжілісмендер тағы сын айтты

Мектеп оқулықтарына мәжілісмендер тағы сын айтты

27 миллиард теңгеге мұқабасы ғана ауысқандай! Өйткені, Үкімет биыл жаңа кітаптарға деп тура осынша қаржы жұмсаған екен. Бірақ қыруар ақша оның мазмұнына еш әсер етпепті.

ИРИНА СМИРНОВА, МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ:

-Елімізде оқулық жазатын кәсіби авторлар аз. Бұл ғылым дамымаған. Жоғары оқу орындары маман дайындамайды. Сонда мектептердегі кітаптардың авторы кім? Олардың оқулық жазуға  құқығы бар ма? Өйткені, қазір кейбір пәндерде оқиғалар, деректер мен тарихи уақыттар әртүрлі. Қанша қаржы бөлінсе де, қате өріп жүр.

Сондай-ақ, депутат төрт жыл сайын оқулықтарды қайта басып шығудың да түкке қажеті жоқ дейді. Бұл - артық шығын ғана. Халық қалаулысы  мектептердегі кітаптарға жауапты республикалық «Оқулық» орталығының жұмысын да сынады. Айтуынша, аталған мекеме оқулықтан қате шықса Білім министрлігіне, баспаға, авторға сілтеп, үнемі жауапкершіліктен қашады. Ал екі ортада балалар зардап шегуде. Сондықтан, мұндай мекемені жауып тастау керек дейді депутат. Мәжілісмендер кітаптың құнына да  күмәнданып отыр. Бір жылда оқулық үш есеге қымбаттаған. Оның үстіне, бұл баға ешкіммен келісілмепті. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде