Бүгін Владимир Божко ауыл жастары туралы айтқан даулы мәлімдемесіне қатысты ақталып, сұхбат берді
Бүгін Владимир Божко ауыл жастары туралы айтқан даулы мәлімдемесіне қатысты ақталып, сұхбат берді.
Автор: Жәудір Оразхан
20.09.2017
Мәжіліс төрағасы орынбасарының айтуынша, сөзі бұрмаланған. Вице-спикер, керісінше, ауылдан шыққан жұмыссыз қыз-жігіттерге жағдай жасау керек депті.
ВЛАДИМИР БОЖКО, МӘЖІЛІС ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Жастардың қалаға көшуіне тыйым салу - барып тұрған цирк. Мен жастар ауылды тастап, жаппай үлкен шаһарға кетпеу үшін жағдай жасап, жоғары жалақысы бар жұмыспен қамту керек дедім. Ал кейбіреулер сөзімді бұрмалады. Тіпті жеке басыма тиісіп, балағаттап, арзан атақ жинап жатқандар да бар.
Божко шулы мәлімдемесінен кейін жұрт оны интернетте жерден алып, жерге салып жатқанын да күнде оқып отыр екен. Бірақ, ешкімді сотқа бермеймін деді. Естеріңізге салсақ, Мәжіліс төрағасының орынбасары Елордада төбелес, жанжал болса, полицейлер мен ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері дер кезінде тоқтатады. Бірақ, Астанаға ауылдан келген жастар мұнымен тоқтамай, әлеуметтік желілерде елді арандататын ақпарат таратады. Сондықтан, қалаға бақылаусыз келіп жатқан жастардың легін азайту керек деген болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!