Алматы хореографиялық мектебінің студенттері әйгілі балет жұлдыздарымен кездесті
Тұңғыш Президент Қорының ұйымдастыруымен өткен кездесу барысында әлемдік бишілер өздерінің кәсіби шеберліктерімен бөлісіп, табысқа жету жолдарын баяндады. Тіпті жас өнерпаздарымыз бір сахна төрінде әйгілі жұлдыздармен бірге би де биледі.
Автор: Аида Мағыпар
18.09.2017
Екі жүз адамға арналған үлкен концерт залында ине шаншар орын болмады. Әлемдік балет жұлдыздарымен кездесуді қалайтындар саны жоспарлағаннан да көп болып шықты.Тіпті, сұрақ қойғысы келетіндердің алдын-ала кезекке тұруына тура келді. Жастар жағы болса, кездесуден алған сезімдерімен бөлісіп, шабыт алғандарын да жасырмады.
Тоғжан Молдәлім, жүргенов атындағы өнер академиясының студенті:
-Бізге осындай мүмкіндік жасаған тұңғыш президент қорына алғысымызды білдіреміз.Біз мұндай үлкен жұлдыздарды өз елімізде көріп тұрғанымызға өте қуаныштымыз.Жеке өзім өте үлкен шабыт алдым.Кездесу өте кызықты өтуде.
Алайда аталмыш шара мұнымен аяқталмады.Жас өнерпаздарымыз үлкен сахна төрінде әйгілі жұлдыздармен бірге өнер көрсетті. Ұйымдастырушылардың айтуынша мұндай шаралар алдағы уақытта көптеп болмақ.
Біржан Хасанғалиев, Тұңғыш президент қорының лауреаты:
- Елбасы мәдениет пен өнерің дамуына үлкен көңіл бөліп келеді.Алдағы уақытта мұндай іс шаралар көптеп болатынына сенеміз.Ал біздің тараптан жастарға әр кез қолдау болмақ.
Кездесуге А.В.Селезнев атындағы Алматы хореогра¬фиялық училищесінің түлектері Мария Эйхвальд, Әлия Та¬нық¬паева мен Айдос Зақан сынды ұзақ уақыттан бері неміс театрының сахнасында өнер көрсетіп жүргендер келді. Сондай-ақ бұл олардың туған жерде алғаш өнер¬ көрсетулері.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!