Алматыда әлемдік брендтердің атын жамылған жасырын кәсіпорын анықталды
Жетісу ауданында орналасқан жерасты цехында «Adidas» және «Reebok» деген жазуы бар мың жарым спорттық аяқ киім табылған. Иесі оны өз дүкенінде және қаланың ірі базарларында емін-еркін сатып отырыпты.
21.09.2017
Жасырын кәсіпорынды Алматы қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің тергеушілері анықтапты. Жедел із кесу барысында көптеген тігін құралдары мен аяқ киім тақалары, әлемдік брендтердің дайын белгішелері және басқа да керек-жарақтар табылған. Осында тігілген небір қымбат маркалы аяқ киімдер әдемілеп қорапқа салынып, қала базарларына жөнелтілуге дайын тұр екен. Мұның бәрін осында тұрақты істейтін 40 адам тігіп отырыпты. Қылмыскерлер енді заң алдында жауап бермек.
Заңғар Шындали, Алматы қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы:
-Дайын аяқ киімдер өндіруші өз дүкенде сатқанымен бірге, Алматының үлкен базарларында сатылған және Қазақстанның басқа қалаларына жіберілген болатын. Бүгінгі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық кодекстің 222 бабы бойынша іс қозғалған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!