{metadescription}
Қарағандыдағы мектептердің бірінде 4-ші сынып оқушылары сабаққа барудан жапппай бас тартып жатыр
Қарағандыдағы мектептердің бірінде 4-ші сынып оқушылары сабаққа барудан жапппай бас тартып жатыр

Қарағандыдағы мектептердің бірінде 4-ші сынып оқушылары сабаққа барудан жапппай бас тартып жатыр

Себебі ондағы бұзақы оқушы сыныптастарына күн көрсетпейді екен. Жәбір көрген жеткіншектердің ата-аналары Артем осы сыныптан кетпесе, балаларымызды сабаққа жібермейміз дейді.

Ольга Вялова, Қарағанды қаласының тұрғыны:

- Кейде қарасаң тып-тыныш ойнап жүрген болады да, бір мезетте  жын түрткендей құтырып кетеді. Оны анасы оңдырмай ұрады. Содан да зақым келетін шығар жүйкесіне. Енді бірде ышқырынан пышақ көріп, әрең дегенде тартып алдым. Не деген масқара бұл?!

Ата-ана мен сыныптастарының зәре құтын қашыратын оқушы былтыр да мектепті әбден шулатқан екен. Тәртіпке бағынбаған соң, 3-4-ші тоқсанда үйден білім алыпты. Биыл дәрігердің дені сау деген анықтамасымен сыныпқа қайта келген көрінеді. Оның өзінде екі аптадан кейін ғана. Келе салып ойранды тағы салғасын, жұрт балаларын сабаққа жібермей қойған. Ал Артемнің анасы басқа пікірде. Айтуынша мұғалімдер тым ерке өскен баланың тілін таба алмайды. Тәрбие берудің орнына, тезірек құтылғылары кеп, ата-аналар мен балалардың алдында Артемді жексұрын көрсетті дейді. Дегенмен, бұзақы оқушы бүгіннен бастап психоневрологиялық орталыққа жатқызылған көрінеді.

Светлана Денисова, Артемнің анасы:

-Оның туа біткен немесе созылмалы дерті жоқ. Тым ерке, және қолды-аяққа тұрмайтыны бар. Оқушылар өздері тиісіп алады да, жауап қайтарса арызданып жаман үйреніп алған. Бүгін ауруханаға өзім жатқызып тағы бір тексертейін дедім. Дені сау екенін дәлелдеп, жала жапқан мұғалімдер мен ата-аналардың үстінен арыз жазамын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде