Интернетте масқарасы шыққан өскемендік шенеуніктер жазаланды
Мақтанамын деп масқарасы шықты! Өскеменде елуден астам мемлекеттік қызметкер арақ ұстап түскен суреттер үшін оңбай жазаланды. Әлеуметтік желіні жарамын деп әдепті бір жола ұмытқандар шетінен сөгіс алып тынды.
Автор: Аруна Ортай
21.09.2017
Әдеп жөніндегі кеңес енді ондайларды жұмыстан шығарамыз деп отыр. Себебі, әріптестерінің әлеуметтік желідегі «қызықты өмірімен» танысқан бюродағылар есінен тана жаздаған. Шенділер стақан соғыстырып, тіпті қымбат қызыл арақ ішіп отырған суреттерін мақтанып ғаламторға салыпты. Той-томалақ тұрмақ, шенеуніктердің жеке пәтерде арақ ішіп жатқан суреттері де бар. Ал тергеушілер болса, кабинетте контрабандалық арақпен түскен. Бір-бірінің аузына автомат тіреп, аңшылықтағы олжасын көрсетіп мақтанғандар түгел тәртіптік жазаға тартылды. Әскерилер де пагондағы әріптестерінен қалыспапты. Адамға пышақ тіреп селфилеткен. Небәрі бірнеше күннің ішінде әлеуметтік желіден осындай 309 сурет тауып, көзін жойған Мемлекетік қызмет істері жөніндегі Агенттік енді «мақтаншақ» әріптестерін аямаймыз деп отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!